Өзбек боксшысы әлем чемпионатынан кейін қазақтар туралы пікір білдірді

Өзбек боксшысы әлем чемпионатынан кейін қазақтар туралы пікір білдірді

Өзбекстан боксшысы Жавохир Умматалиев Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші жекпе-жекте жеңіліп қалғанына қарамастан, 20 жастағы спортшы жанкүйерлер тарапынан көрсетілген зор қолдауды ерекше атап өтті. Ол әсіресе Орталық Азия елдерінің өкілдеріне ризашылығын білдірді.

— Бізді қолдаған барша жанкүйерге алғыс айтамын. Орталық Азия елдерінің өкілдері де бүкіл жекпе-жек бойы бізге қолдау көрсетті — Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан! Баршаңызға үлкен рақмет, — деді Умматалиев.

Финалда Умматалиев ресейлік Джамбулат Бижамовқа төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар боксшы бұл жетістікпен тоқтап қалмайтынын айтты.

Ол алдағы Азиада мен Азия чемпионатында өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеуді көздейтінін айта кетті.

Қазақстандық боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Әлем чемпионаты: Қай елдің боксшылары көбірек табыс тапты?

Видео. Сабуров әлемнің үздік боксшыларының бірімен бірге жаттықты

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или