Алматы жұртшылығ FIFA әлем кубогының түпнұсқасын көре алды

Алматы жұртшылығ FIFA әлем кубогының түпнұсқасын көре алды

Алматыға FIFA футболдан әлем чемпионатының түпнұсқа трофейі жеткізіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тарихи кубок қалаға 26 қаңтарда келеді. Атаулы іс-шара FIFA трофейінің халықаралық туры аясында, Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады. Осы күні алматылықтар мен қала қонақтарына әлемдік футболдың басты символын өз көздерімен көруге бірегей мүмкіндік туады.

Айта кету керек, аты аңызға айналған кубок Алматыда бірнеше сағат қана аялдап, одан әрі дүниежүзілік сапарын жалғастырады.

FIFA әлем кубогы – жаһандық спорт тарихындағы ең беделді әрі ең құнды трофейлердің бірі. Кубок үшін жер шарының ұлттық құрамалары төрт жылда бір рет жасыл алаңда бақ сынайды.

Ұлттар лигасына қатысқаны үшін Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?

Станислав Черчесов қазақстандық футболшының есімін шатастырып алғанын айтты

Чемпиондар лигасында «Қайраттың» қарсыласы болған ойыншы алматылық командаға ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или