Қазақстан әйелдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі қарсыластары анықталды
2026/27 жылғы УЕФА әйелдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы А тобына түсті.
Бұл топта Қазақстан құрамасы Чехия, Беларусь және Норвегиямен ойнайды. Топтық кезең ойындары 2026 жылдың 17-22 наурыз күндері аралығында Норвегияда өтеді. Турнир бір алаңда өтетін мини-турнир форматында ұйымдастырылады.
УЕФА «Қайратқа» таң қалуда: клуб Қазақстанның футзалын жаңа деңгейге сүйреп жатыр
«Қайрат» сенсацияға жол бермеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или