Қазақстандық файтер шетелдік лигада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер шетелдік лигада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Саламат Исбулаев (9-0) Professional Fighters League (PFL) лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Исбулаев халықаралық промоушендегі дебюттік жекпе-жегінде перулік Хесус Пинедомен (25-7-1) кездеседі. Жекпе-жек 7 ақпанда БАӘ-нің Дубай қаласында өтеді.

Саламат Исбулаев кейінгі жекпе-жегін мамыр айында өткізіп, бразилиялық Франсиско Масиелді (17-11-1) бірінші раундта жеңді. Хесус Пинедоға келетін болсақ, ол тамыз айында жекпе-жек өткізіп, бесінші раундта ресейлік Мовлид Хайбулаевтан (24-0-1) жеңіліп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или