FIFA The Best 2025: үміткерлер тізімі жарияланды
Сейсенбі, 16 желтоқсанда Дохада 2025 жылғы The Best FIFA Football Awards марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл марапатқа 11 футболшы үміткер атанды.
Үміткерлер тізімі: Коул Палмер («Челси»), Педри («Барселона»), Усман Дембеле («ПСЖ»), Витинья («ПСЖ»), Ламин Ямаль («Барселона»), Гарри Кейн («Бавария»), Нуну Мендеш («ПСЖ»), Ашраф Хакими («ПСЖ»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Килиан Мбаппе («Реал» Мадрид») және Рафинья Рафаэл Диас Беллоли («Барселона»).
Бұған дейін «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле 2025 жылғы «Алтын доп» иегері атанған. Өткен маусымда футболшы Франция чемпионатын, ел кубогын, Суперкубогын және Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Сонымен қатар, париждік клуб сапында ол клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан.
«Барселона» ойыншысы рекорд жаңартты
Ла Лига: «Барселона» мадридтік «Реалдан» ұзап кетті