Ұлттар лигасына қатысқаны үшін Қазақстан құрамасының қанша табыс тапқаны белгілі болды
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы маусымда Ұлттар лигасына қатысқаны үшін қанша табыс табатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан С лигасында өнер көрсетеді және УЕФА-дан кепілді түрде 1,125 миллион еуро (681,7 миллион теңге) алады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы топ жеңімпазы атанса, қосымша дәл осындай сома алады.
С лигасында Қазақстаннан бөлек мына Албания, Армения, Беларусь, Болгария, Исландия, Кипр, Молдова, Сан-Марино, Словакия, Фарер аралдары, Финляндия, Черногория, Эстония, Гибралтар/Латвия, Мальта/Люксембург (жеңімпаздар С және D лигалары арасындағы өтпелі матчтардың қорытындысы бойынша анықталады) өнер көрсетеді. Ұлттар лигасы жаңа маусымының жеребесі 2026 жылы 12 ақпанда өтеді.
Чемпиондар лигасында «Қайраттың» қарсыласы болған ойыншы алматылық командаға ауысты
Станислав Черчесов қазақстандық футболшының есімін шатастырып алғанын айтты
«Барселона» ойыншысы рекорд жаңартты
«Астананың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін