Махачевтің 2026 жылға жоспарлары белгілі болды

Махачевтің 2026 жылға жоспарлары белгілі болды

UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы, ресейлік Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес шәкіртінің 2026 жылы екі жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Білемін, Ислам жартылай орта салмақтағы ең қиын қарсыласпен айқасқысы келетінін айтқан, оның ойынша, қазіргі таңда ол — Камару Усман. Бұл жекпе-жек өте ме, жоқ па, білмеймін, себебі титулды қорғау үшін келесі қарсыласын кім болатынын тек UFC ғана шешеді. Олар қарсылас ұсынған сәтте Ислам шешім қабылдайды. Сондықтан әзірге келесі оппонентке қатысты нақты ақпарат жоқ. Тек UFC жекпе-жекті жариялаған кезде ғана бәрі анық әрі ресми болады. Меніңше, Ислам титулын екі рет қорғағысы келеді, ал Рамазан айы наурызда болғандықтан, ол мамыр—маусым айларына дейін жекпе-жекке шыға алмайды», — деп келтіреді Мендестің сөзін «Матч ТВ» порталы.

Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді

Илия Топурия келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімде жасады

Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Пимблетт Царукянды қатаң сынға алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или