Чемпиондар лигасында «Қайраттың» қарсыласы болған ойыншы алматылық команда сапына қосылды
Чемпиондар лигасының іріктеуінде «КуПС» құрамында «Қайратқа» қарсы ойнаған финляндиялық Яакко Оксанен алматылық командаға қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қайрат» футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғанын хабарлады. Келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған.
Ол кәсіби мансабын финляндиялық «ХИК» клубында бастаған. 2018 жылы «Брентфорд» клубына ауысып, екінші командасында ойнады. Кейін «Уимблдон» және шотландиялық «Мортон» клубтарында өнер көрсеткен. Ал 2022 жылдан бері жартылай қорғаушы финляндиялық «КуПС» командасының намысын қорғады.
Жалпы осы маусымда Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ол Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, U-21 жастар құрамасында 15 матч ойнап үлгерген.
Еске салайық, осы маусымда Яакко Оксанен «Қайратпен» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен. Екі матчтың қорытындысы бойынша алматылықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Станислав Черчесов қазақстандық футболшының есімін шатастырып алғанын айтты
«Барселона» ойыншысы рекорд жаңартты
«Астананың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін