«Володя!». Черчесов қазақстандық футболшының есімін шатастырып алғанын айтты

«Володя!». Черчесов қазақстандық футболшының есімін шатастырып алғанын айтты

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов ұлттық командамен жұмысындағы күлкілі бір жайтты еске түсірді. Қызық оқиға қорғаушы Марат Быстровқа қатысты болған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Черчесовтің айтуынша, ол қазақстандық футболшыны оның аттасы - Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Владимир Быстровпен үнемі шатастырған. Бұл қателік соншалықты жиі қайталанғандықтан, уақыт өте келе бапкердің өзіне де ыңғайсыз бола бастаған.

«Қазақстан құрамасындағы Марат Быстровты мен үнемі Володя деп атай беретінмін. Жаттығудан кейін өзіме өзім сұрақ қоямын: Саламыч, бір рет қателестің, екінші рет қателестің, ал қырқыншы ретте өзіңе де ыңғайсыз болып кетеді екен. Мен оған «Володя!» деп айқайлаймын, ал ол маған мүлде назар аудармайды, әсіресе алғашқы ойында бұл анық байқалды, ол менің жанымнан жүгіріп өтіп бара жатқанда», - деді Черчесов «О, родной футбол!» YouTube-арнасының жаңа шығарылымында.

Ресми: Яакко Оксанен «Қайрат» ойыншысы атанды

Қазақстандық клубқа жаңа бапкер тағайындалды

«Астананың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или