Геннадий Головкин пен Шавкат Рахмонов кездесті. Видео
Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетау қаласында Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешенінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған кешенге Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді. Сыйымдылығы шамамен 1 мың адамды құрайтын нысанда көрермен залы, әмбебап спорт залы, бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары бар.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды.