«Қайрат» финляндиялық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Қайрат» финляндиялық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Қайрат» футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт мерзімі 2027 жылдың соңына дейін есептелген. Яакко кәсіби мансабын финляндиялық «ХИК» клубында бастаған. 2018 жылы ол англиялық «Брентфорд» клубына ауысып, екінші командасында ойнады. Кейін Оксанен жалға «Уимблдон» және шотландиялық «Мортон» клубтарында өнер көрсеткен.

2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, «КуПС» клубымен келісімшартқа отырып, «Қайратқа» ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.

Осы маусымда Яакко Оксанен «Қайратпен» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен. Екі матчтың қорытындысы бойынша «сары-қаралар» 3:2 есебімен жеңіске жетті, ал жартылай қорғаушы бірінші ойында гол соқты. Жалпы осы маусымда Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ол Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, жастар құрамасында 15 матч ойнап үлгерген.

«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады

«Барселонаның» экс-футболшысы «Қайрат» ойыншысына кеңес берді

Александр Заруцкий «Ақтөбеге» ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или