Илия Топурия октагонға қашан оралатынын айтты
Испания атынан өнер көрсететін грузиялық UFC файтері Илия Топурия (17-0) келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қашан бәрі аяқталатыны жөнінде нақты мерзім жоқ. Қазіргі уақытта отбасымның, балаларымның амандығын бірінші орынға қойып отырмын. Барлығы реттелген соң, октагонға қайта ораламын», — деді Топурия.
Айта кетейік, бұған дейін Илия Топурия жеке өміріндегі қиын жағдайларға байланысты мансабында үзіліс жасайтынын мәлімдеген болатын. Ол жұбайымен ажырасу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Спортшының екі баласы бар — ұлы Уго мен қызы Джорджина. Сондай-ақ Топурия 2026 жылдың алғашқы тоқсанында жекпе-жек өткізбейтінін атап өтті.
Пимблетт Царукянды қатаң сынға алды
Асылжан Бақытжанұлы ACA 198 турнирінде рейтингтік жекпе-жек өткізеді
Қазақстандықтың қатысуымен өткен жекпе-жек ауыр нокаутпен аяқталды