Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері үш жылға бас бостандығынан айырылды

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері үш жылға бас бостандығынан айырылды

Павлодарда Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне шабуыл жасау ісі бойынша белгілі спортшы, еркін күрестен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәулет Шабанбай Спортшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы — «Екі немесе одан да көп адамға қатысты билік өкіліне күш қолдану» бойынша айыпталып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжал 2025 жылғы 18 қыркүйекте болған. Кешке Даулет Шабанбай кафеде болып, спирттік ішімдік ішкен. Шамамен сағат 20:30-да ол мекемеден шығып, автовокзал жаққа қарай серуендеуге кеткен. Жарты сағаттан кейін қайтадан кафеге бет алған. Жолда оны Ұлттық ұланның №5512 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі үш сарбазы тоқтатып, құжаттарын көрсетуді сұраған.

Алайда тергеу деректеріне сәйкес, Олимпиада жүлдегері әскери қызметшілердің талабын орындаудан бас тартып, керісінше оларды қорлай бастаған. Нәтижесінде бір әскери қызметші иығы мен бетіне соққы алған. Ал екіншісінің көзіне жұдырық тиген. Спортшыны оқиға орнына қосымша әскери жасақтар келгеннен кейін ғана тыныштандырған.

Ризабек Айтмұхан PWL турнирінде жүлдесіз қалды

Қазақстандық балуандардың әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды

Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или