«Шахтер» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Қарағандыда Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов пен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі футболды дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турлов клубты сатып алуға қатысты барлық әкімшілік-бюрократиялық рәсімдердің толық аяқталғанын айтты. Сондай-ақ кәсіпкер клубтың басты мақсаты еурокубокқа шығу екенін тілге тиек етті.
Жиын барысында «Шахтёр» бас бапкері қызметіне белгілі 65 жастағы маман Дмитрий Огай тағайындалды.
Сонымен қатар, Freedom Holding Қарағандыда 3500 адамға арналған стадионы, жабық манежі және жатақханасы бар футбол академиясын салып жатыр. Жобаның жалпы құны 12 млрд теңгені құрайды.
«Астананың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін
«Барселонаның» экс-футболшысы «Қайрат» ойыншысына кеңес берді