Қазақстандық семсерлесуші Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесуші Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.

Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или