Қазақстандық боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Илья Калинин (1-0, 1 КО) кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com сайтының хабарлауынша, Калинин 20 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы әлі жарияланған жоқ.

Илья Калинин кәсіби рингтегі дебютін 11 шілдеде өткізіп, қытайлық боксшы Лю Минвэйді (4-4-1, 3 КО) үшінші раундта нокаутқа жіберді. Жекпе-жек Алматыда өтті.

Сонымен қатар, тамыз айында Илья Калинин бокстан жастар арасындағы алғашқы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Финалда Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Саят Ильясовтан жеңіліп қалды.


Әлем чемпионаты: Қай елдің боксшылары көбірек табыс тапты?

Видео. Сабуров әлемнің үздік боксшыларының бірімен бірге жаттықты

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или