«Астананың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін

«Астананың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін

Украиналық бапкер Роман Григорчук кей қазақстандық командалардың бас бапкер қызметіне үміткері ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

60 жастағы маман биылғы көктемнің соңында украиналық ЛНЗ клубынан кеткелі бері жұмыссыз жүр.

Айта кетейік, 2019 жылы «Астанадан» кеткен соң Григорчук солигорскілік «Шахтерде», украиналық «Черноморецте» және әзербайжандық «Нефтчиде» жұмыс істеді.

Ол бапкер ретінде Қазақстан (және Суперкубок), Беларусь пен Латвия (үш мәрте) чемпионы атанды, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Латвия және Украинада түрлі медальдар мен кубоктарды жеңіп алды.


«Барселонаның» экс-футболшысы «Қайрат» ойыншысына кеңес берді

Александр Заруцкий «Ақтөбеге» ауысты

Қазақстандық команданың қақпашысы Әзірбайжан чемпионатында көш бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или