«Барселонаның» экс-футболшысы «Қайрат» ойыншысына кеңес берді
«Арсенал», «Барселона» және Беларусь құрамаларының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Глеб «Қайрат» футболшысы Валерий Громыконың Түркия Суперлигасына ауысуы мүмкін екендігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Александрдың айтуынша, Түркия лигасы ҚПЛ-дан мықтырақ.
«Түркия лигасы Қазақстан лигасынан мықты. Громыко футбол тұрғысынан алға жылжиды. Менің ойымша, ол қаржылық жағынан да пайда көреді. Жалғыз кемшілігі - еурокубоктың жоқтығы. Әйтпесе, Түркия лигасы тартысты чемпионат. «Галатасарай» немесе «Фенербахче» деңгейіне жете ала ма? Оны маусым көрсетеді».
Еске сала кетейік, «Алматы Қайратының» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко 2025 жылы Беларусьтің ең үздік футболшысы атанды.
«Астананың» жаңа инвесторы пайда болуы мүмкін
Александр Заруцкий «Ақтөбеге» ауысты
Қазақстандық команданың қақпашысы Әзірбайжан чемпионатында көш бастады