Дзюдодан жастар арасында Қазақстан үздіктері анықталды
Дзюдодан жастар арасында Қазақстан біріншілігінде аралас командалық жарыстың жеңмпазы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл бәсекеде Жамбыл облысының балуандары жеңімпаз атанды. Екінші орынға Алматы қаласының құрамасы жайғасса, үздік үштікті Жетісу және Абай облыстары түйіндеді.
Айта кетсек, 11-14 желтоқсан күндері Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дзюдодан 2006-2008 жылдары туған жас спортшылар арасында ел біріншілігі өтті. Оған Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ еліміздің 17 облысынан келген 551 дзюдошы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы спорттық маусымда ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады және олар халықаралық жарыстарда бақ сынайды.
Ақтау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды