Ризабек Айтмұхан Олимпиада жүлдегеріне жол берді

Ризабек Айтмұхан Олимпиада жүлдегеріне жол берді

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Оңтүстік Сахалинскідегі кәсіпқой күрес лигасының (PWL) турнирінде әлемдік рейтингтегі алдыңғы қатарлы спортшылардың бірімен күресті, деп хабарлайды Prosports.kz.

2023 жылғы әлем чемпионы (97 кг салмақта) Әзербайжан өкілі Магомедхан Магомедовпен кездесті. Магомедов – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Жекпе-жек турнирдің басты кездесулерінің бірі болып, өте тартысты өтті. Қарсылас соңғы сәтте нәтижелі әрекет жасап, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Еске сала кетсек, қарашада Айтмұхан Эр-Риядтағы Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.

Қазақстандық балуандардың әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды

Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды

Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или