Қазақстан бокс федерациясы кубогының жеңімпазы анықталды
Қазақстан бокс федерациясы кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Шымкент және Астана құрамалары кездесті. Нәтижесінде шымкенттік боксшылар 9:6 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, жартылай финалда шымкенттік былғары қолғап шеберлері Қарағанды құрамасын 9:6 есебімен тізе бүктірсе, астаналық боксшылар Маңғыстау облысының боксшыларын 7:8 есебімен жеңген еді.
Жартылай финалда сүрінген Қарағанды мен Маңғыстау боксшылары өзара кездесіп, қола жүлде үшін таласты. Нәтижесінде Қарағанды облысы Қазақстан бокс федерациясы кубогының үшінші орын иегері атанды. Бүгін Маңғыстау облысымен кездесуде 8:7 есебі тіркелді.
Еске сала кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрады. Ол қаржы аймақтарда боксты дамытуға бағытталатынын қоса кеткен жөн.
Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды