Белгілі кәсіпкер «Ордабасы» клубына инвестор болмақ
Шымкенттік «Ордабасы» командасының жаңа инвесторы ретінде үміткер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
AmanVIBE телеграм арнасының хабарлауынша, Forbes тізімінде 27-ші орында тұрған Серікжан Сейтжанов шымкенттік клубты сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр екен.
«Бұл процесс ұзаққа созылмайды. Біз келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек аяқтау үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Біз келіссөз жүргізіп отырған компаниялардың аттарын әзірге атай алмаймын. Нақты келісімге қол жеткізілген кезде бұл туралы хабарлайтын боламыз», – деді Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Кәсіпкер қазіргі уақытта Шымкент қаласында тұрады. Оның қызығушылығы клубқа үлкен серпіліс әкелуі мүмкін.
«Астананың» жаңа инвесторы пайда болуы мүмкін
Александр Заруцкий «Ақтөбеге» ауысты
Қазақстандық команданың қақпашысы Әзірбайжан чемпионатында көш бастады