Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлем және Азия чемпионаттарының финалисі Дулат Бекбауов Алматыда RD Promotion турнирі аясында екінші кәсіби жекпе жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір оның кәсіпқой бокстағы рекорды — 1 жеңіс, 0 жеңіліс. Алғашқы профи айқасында ол қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Турнир 20 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді. Жекпе жектерді тікелей эфирде SPORT+ арнасы көрсетеді.