Фьюри камбэкке дайын, ықтимал қарсыластарын атады

Фьюри камбэкке дайын, ықтимал қарсыластарын атады


Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри келесі жылы рингке қайта оралса, кімдермен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Британ боксшысы камбэкке байланысты бірнеше үлкен жекпе жекті қатар қарастырып отырғанын жеткізді.

37 жастағы Фьюридің сөзінше, ықтимал қарсыластар қатарында Энтони Джошуа бар. Сонымен бірге Александр Усикпен үшінші жекпе жек, Фабио Уордли, Дэниэл Дюбуа және Деонтей Уайлдермен кездесулер де назарында.

Фьюри мұндай қарсыластармен болатын айқастардың әрқайсысы жанкүйерлер үшін аса қызық болатынын атап өтті. Оның айтуынша, рингке қайта оралу үлкен бокс кештерін өткізуге жол ашады.

Бұл мәлімдеме Riyadh Season келесі көктемде ауқымды бокс кешін өткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат аясында айтылды. Сол кештің басты жекпе жегі Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы кездесу болуы мүмкін.

Видео. Сабуров әлемнің үздік боксшыларының бірімен бірге жаттықты

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

ІBA әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или