Бірінші арна кубогындағы соңғы матч Қазақстан үшін сәтсіз аяқталды
Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогындағы шешуші матчта Ресей командасынан ауыр жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесу алаң иелерінің 9:0 есебіндегі құрғақ жеңісімен аяқталды.
Ойынның алғашқы кезеңінің ортасында есеп ашылып, одан кейін Ресей құрамасы басымдықты тез арттырды. Бірінші үзіліске дейін таблода 4:0 көрсеткіші тұрды. Кейінгі кезеңдерде де айырма ұлғая берді, ал қазақстандық хоккейшілер бірде-бір шайба соға алмады.
Ресей құрамасының сапында Абросимов, Сурин (екі шайба), Полтапов (екі шайба), Аймурзин, Силантьев, Лямкин және Ильенко мергендік танытты. Қақпада Моторыгин мен Пестов ойнады.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Талғат Жайлауов жаттықтыратын команда Бірінші арна кубогында Беларусьтен 1:4 есебімен, ал Ресейден 0:9 есебімен жеңілді.
Қазақстандық қақпашы Канада лигасында өз командасына жеңіске жетуге көмектесті
Қазақстан Австрияны жеңіп, чемпионатты әсерлі камбэкпен аяқтады
Қазақстандық шабуылшы Финляндияда қараша айының үздік ойыншысы атанды