«Астана» клубын Qarmet бақылауына алуы ықтимал

«Астана» клубын Qarmet бақылауына алуы ықтимал

«Астана» елорда клубы «Qarmet» компаниясының қарамағына өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрын ArcelorMittal Temirtau деп аталған бұл компания қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьевке тиесілі.

Бұған дейін «Астананың» қаржылық қиындықтарға тап болғаны айтылған еді. Осы себепті команда желтоқсан айына жоспарланған оқу-жаттығу жиынын өткізбеді. Клубқа жаңа инвестордың келуі жағдайды бір қалыпқа келіруге көмектесуі мүмкін.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы 2009 жылы алматылық «Мегаспорт» пен «Алма-Ата» командаларының бірігуі нәтижесінде құрылған. Осы уақыт ішінде елордалық команда Қазақстан чемпионы атағын жеті рет жеңіп алды, ел Кубогын үш мәрте, ал Суперкубокты алты рет иеленді. Сонымен қатар «Астана» — Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жеткен жалғыз қазақстандық клуб және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған елдегі екі команданың бірі.

Александр Заруцкий «Ақтөбеге» ауысты

Қазақстандық команданың қақпашысы Әзірбайжан чемпионатында көш бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или