«Ақтөбе» украиналық екі қорғаушымен келісімге жақын

«Ақтөбе» украиналық екі қорғаушымен келісімге жақын

«Ақтөбе» футбол клубы Украина құрамасында ойнаған екі қорғаушыны қатарға қосудың алдында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әңгіме Тарас Кочараба мен Иван Ордец туралы болып отыр. Екеуі де кезінде өз елінің ұлттық құрамасына шақырылып, донецкілік «Шахтер» мектебінен өткен ойыншылар.

Дереккөз мәліметінше, «қазір Ордец жеке дайындалып жүр (соңғы клубы — «Бохум»), алайда Украина футболына жақын ақпарат көздері оның жоғары деңгейлі кәсіби ойыншы екенін және бабынан айрылып қалмайтынын атап өтеді».

Тарас Кочараба бұған дейін «Говерла», «Звезда» (Кропивницкий), «Слован» (Либерец), «Славия» (Прага) және DAK 1904 клубтарында ойнаған. Украина құрамасы сапында үш матч өткізген. Оның трансферлік құны 600 мың еуроға бағаланады.

Иван Ордец «Ильичевец», Мәскеудің «Динамосы» және «Бохум» клубтарында өнер көрсеткен. Ұлттық құрамада 12 ойынға қатысып, бір гол соққан. Transfermarkt порталы оның нарықтағы бағасын 750 мың еуро деп көрсетіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или