Пэдди Пимблетт: Арман дивизион көшбасшысы емес
UFC файтері Пэдди Пимблетт жеңіл салмақтағы бәсекелестерінің бірі Арман Царукян туралы өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Британдық спортшы Арманның жетістіктеріне күмән келтіріп, оның дивизиондағы орнын асыра бағалап жүргенін айтты.
Пимблетттің сөзінше, Царукян өз жолын өзі бұзды. Ол Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жектен айқасқа бір күн қалғанда бас тартқаннан кейін, шынымен салмақты ештеңе істеген жоқ дейді.
Британ файтері Дэн Хукерді жеңгенін де үлкен көрсеткіш санамайды, себебі жаңазеландиялықтың партердегі ойыны әлсіз екенін атап өтті. Ал Бенеил Дариушты жеңуін Арманның деңгейін дәлелдейтін нәтиже емес деп бағалап, тәжірибелі файтердің қазіргі формасына күмән келтірді. Тіпті Чарльз Оливейраға қарсы жеңісінен кейін берілген титулдық мүмкіндікті де сұрақ астына алды.
Сондай-ақ Пимблетт Царукян UFC-дегі жағдайын асыра бағалап жүр деп санайды. Оның айтуынша, бұл промоушенде белдікті сөзбен немесе атақпен алып қою мүмкін емес.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдың басында Пэдди Пимблетттің Джастин Гейджимен UFC-дің уақытша чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетіні белгілі болған еді.
UFC-дің 2025 жылдағы соңғы турнирі нокаутпен аяқталды
Асылжан Бақытжанұлы ACA 198 турнирінде рейтингтік жекпе-жек өткізеді