Мадридтік «Реал» Ла Лиганың 16-туры аясында «Алавеспен» болатын сырт алаңдағы матчқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл кездесу команданың бас бапкері Хаби Алонсо үшін шешуші болуы мүмкін.
Тараған ақпаратқа қарағанда, маман ойынға барынша шабуылға бағытталған құраммен шығуды ойлап отыр. AS басылымының мәліметінше, Алонсо бір мезетте Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Родриго және Джуд Беллингемді негізгі құрамда алаңға шығаруы ықтимал.
Қазіргі таңда «корольдік клуб» Испания чемпионатында екінші орында тұр. Мадридтіктер көш бастап тұрған «Барселонадан» жеті ұпайға қалып келеді, алайда олардың бір ойыны артық.
«Реал Мадрид» «Бавария» ойыншысымен келісімге келді