Заруцкийдің жаңа клубы белгілі болды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий «Ақтөбемен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
32 жастағы голкипердің «қызыл-ақтармен» жасаған келісімі екі жылға есептелген.
Бұған дейін Заруцкийді өз қатарына қосуға «Елімай» да белсенді түрде қызығушылық танытқан.
Айта кетейік, қақпашы алматылық «Қайраттан» кеткен. Ол бұл клубпен бірге Суперкубокты, ҚПЛ чемпиондығын жеңіп алып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға үлес қосты.
Қазақстандық команданың қақпашысы Әзірбайжан чемпионатында көш бастады
Грузиялық футболшы «Қайрат» қатарынан кетеді
ҚПЛ клубтары Қырғызстан чемпионатының көшбасшыларына көз тікті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или