Қазақстандық команданың қақпашысы Әзірбайжан чемпионатында көш бастады
Стас Покатилов ойнайтын «Сабах» командасы Әзірбайжан Премьер-лигасында маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әзірбайжан Премьер-лигасының 15-ші турында «Сабах» командасы «Тұран» командасын сырт алаңда 3-1 есебімен жеңді.
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов қонақтар қақпасында сенімді ойын көрсетті.
Бүгінгі жеңістен кейін «Сабах» Әзірбайжан Премьер-лигасында бірінші орынға шықты.
Егер «Карабах» ертең өз алаңында «Аразды» жеңсе, турнир кестесінде бірінші орынға қайта оралуы мүмкін.
Стоилов «Ақтөбе» тізгінін ұстай ма? Болгариялық маман жауап берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или