Қазақстандық қақпашы Канада лигасында өз командасына жеңіске жетуге көмектесті
Құрамында қазақстандық қақпашы Данай Шайков бар «Гатино Олимпикс» командасы Квебек жасөспірімдер хоккей лигасының (Канада) тұрақты маусымында «Римоуски Оушеникке» қарсы сырт алаңда ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын қонақтардың пайдасына 5-2 есебімен аяқталды.
Жеңіске жеткен команда қатарынан Джастин Буассель, Николас Петрут, Габриэль Сегин (екі рет) және Лев Гапонов гол соқты.
18 жастағы қазақстандық қақпашы Данай Шайков «Гатино Олимпикс» сапында ойнап, командасына жеңіске жетуге көмектесті.
29 ойыннан кейін «Гатино» командасы Батыс конференциясында жетінші орында тұр.
Қазақстан жастар құрамасы Аустрияны соңғы минутта тізе бүктірді
16 жастағы қазақстандық хоккейші АҚШ-та құрметке ие болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или