Грузиялық футболшы «Қайрат» қатарынан кетеді
«Қайраттың» 28 жастағы грузиялық жартылай қорғаушысы Георгий Зарияға ҚПЛ-дың екі клубы қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ойыншы жақын арада Алматыдан кетіп, еркін агент атанады. ҚПЛ-дың екі клубы футболшыны өз командаларына шақыруға дайын.
Гиоргий Зария мансабын грузиялық «Саско» клубында бастады. Сондай-ақ өз отанында «Динамо Тбилиси», «Батуми» және «Динамо» командаларында ойнады. 2024 жылдан бері жартылай қорғаушы «Қайрат» сапында ойнап келеді.
Зария клуб сапында барлық ресми жарыстарда 59 ойын өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. «Қайратпен» грузиялық ойыншы екі Қазақстан чемпионатын, бір Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды және УЕФА Чемпиондар Лигасына жолдама алды. Грузия құрамасы сапында екі ойын өткізді.
Transfermarkt жартылай қорғаушыны 900 000 еуроға бағалайды.
Стоилов «Ақтөбе» тізгінін ұстай ма? Болгариялық маман жауап берді