Хаби Алонсо: «Қиындықты бірге еңсереміз»

Хаби Алонсо: «Қиындықты бірге еңсереміз»


Мадридтің «Реал» клубының бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лигадағы «Алавеске» қарсы шешуші матч қарсаңындағы баспасөз мәслихатында өз ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қатарынан екі жеңілістен кейін де Алонсо сабыр сақтап, команда ішіндегі жағдайға ғана көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Ол өзінің болашағына қатысты әңгімелерге мән бермейтінін атап өтті.

«Мен үшін ештеңе тосын емес. Болып жатқанның бәріне жауапкершілікпен қараймыз да, алаңдағы жағдайды қалай өзгертеміз соған назар аударамыз. Команда ішінде әрдайым өзара түсіністік бар екенін сезіп келемін, бәріміз бір мақсат үшін күресіп жүрміз. Сол ортақ мақсатты сақтап, алға жылжуымыз керек.

Біз жақсы кезеңдерді де, ауыр сәттерді де бастан өткердік. Бәлкім, бір күні кейін қарап, “иә, ол кезде шынымен қиын болған, бірақ біз осы жерге жеттік” деп айтармыз», – деді Алонсо.

«Реал» «Алавеске» қарсы сырт алаңда жексенбі, 14 желтоқсанда ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или