Вин Дизель Роналдудың «Форсажға» қатысатынын растады
Танымал актер Вин Дизель Instagram желісіндегі парақшасында португалиялық жұлдыз футболшы Криштиану Роналдудың «Форсаж» фильмінде рөл алуы мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Криштиану Роналду әйгілі франшизада актер ретінде көрінуі мүмкін деген қауесеттер тараған болатын. Осыған байланысты Доминик Тореттоның рөлін сомдайтын Вин Дизель бұл ақпаратқа нақты жауап берді.
Актердің айтуынша, Роналду үшін фильмде арнайы рөл жазылған. «Айта кетуім керек, ол расымен де қатысады. Біз оған арнап рөл ойластырдық», – деп жазды Дизель әлеуметтік желіде.
Қазіргі таңда Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсетіп жүр және Португалия құрамасымен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуды көздеп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или