Дубайдағы әлем біріншілігінде Сабыржан Аққалықов күміске қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда өткен IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Ресей өкілі Исмаил Муцольговпен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Муцольгов барлық негізгі компонентте басымдық танытып, кездесуді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Исмаил Муцольгов әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алса, Сабыржан Аққалықов турнирді күміс жүлдемен қорытындылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или