Қазақстандық Надежда Морозова Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық Надежда Морозова Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Морозова бұл қашықтықты 1:54.98 уақыт көрсеткішімен еңсерді.

Бірінші орынды жапониялық Михо Такаги иеленді - 1:54.95. Қола жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды - 1:55.18.

Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева сегізінші нәтиже көрсетті - 1:56.84.

Биатлоннан әлем кубогы: Владислав Киреев із кесу жарысында ТОП-20-ға кірді

Биатлоншы Владислав Киреев Әлем кубогы кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или