ҚПЛ клубтары Қырғызстан чемпионатының көшбасшыларына көз тікті

ҚПЛ клубтары Қырғызстан чемпионатының көшбасшыларына көз тікті

Қазақстандық футбол клубтары Қырғызстан чемпионатының бірнеше ойыншысына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы босниялық агент Амиль Шукало Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Иә, біздің бірнеше ойыншыға Қазақстаннан клубтар қызығушылық білдірді. Ең алдымен бұл Рикельмеге қатысты болды, алайда нақтырақ келісім бір индонезиялық клубпен жасалды. Сонымен қатар, Қазақстаннан бразилиялық шабуылдаушы жартылай қорғаушы Баррето мен Гамбия құрамасының қорғаушысы Саннеге үлкен қызығушылық сақталуда. Оларға сіздің елдің әртүрлі клубтары қызығушылық танытып отыр», - деді Шукало.

Өткен маусымда бұл үшеуі Қырғызстанның «Абдыш-Ата» клубында ойнады. Рикельме Премьер-лигадағы 25 матчта 11 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Баррето тоғыз гол соғып, бір ассист жазып қойды, ал Санне екі гол соғып, үш нәтижелі пас жасап, Гамбия ұлттық құрамасының белсенді ойыншысы болып қалды.

Стоилов «Ақтөбе» тізгінін ұстай ма? Болгариялық маман жауап берді

«Қызылжар» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Қайсардың» бес ойыншысы командадан кетті



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или