Владислав Киреев Биатлоннан әлем кубогында із кесу жарысында ТОП-20-ға кірді

Владислав Киреев Биатлоннан әлем кубогында із кесу жарысында ТОП-20-ға кірді

Аустрияның Хохфильцен қаласында әлем кубогы кезеңінде 12,5 шақырым қашықтықта із кесу жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл додада Қазақстаннан Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов бақ сынады. Із кесу сайысына В.Киреев 33-інші, ал Ә.Дүйсенов 53-інші болып шықты.

Төрт ату айлағында бірде-бір нысанасын мүлт жібермеген Владислав Киреев бірден 20-орынға көтеріліп, спорттық жолында үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Владислав осы додада 60 спортшының ішінен мергендік танытқан үш биатлоншының бірі болды. Онымен бірге жарыс жеңімпазы, франциялық Эрик Перро мен 14-орыннан көрінген литвалық Витаутас Строля бірде-бір оғын құр жібермеді. 

Әсет Дүйсенов те жақсы келе жатқан. Ол тек соңғы ату айлағында екі рет мүлт кетті. Соған қарамастан, Әсет те көрсеткішін жақсартып, 16 сатыға жоғарылып, мәре сызығын 37-інші болып қиды. 

Із кесу жарысында Э.Перроға жол берген италиялық Томмазо Джакомель күміс, норвегиялық Йохан-Олав Ботн қоланы қанағат тұтты. 

Әлем кубогында жекелей сында жалпы есепте В.Киреев 35 ұпаймен 37-орында тұр. Сондай-ақ алғашқы 4 ұпайын алған Ә.Дүйсенов 65-сатыға шықты. 

Биатлоншы Владислав Киреев Әлем кубогы кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алды

Шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандық спортшылар командалық спринтте бақ сынайды

ISU төрт қазақстандық шорт-трекшінің 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алғанын растады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или