Қазақстандық хоккейші АҚШ-та капитан атанды

Қазақстандық хоккейші АҚШ-та капитан атанды

16 жастағы қазақстандық шабуылшы Инсаржан Бақытұлы АҚШ-тағы Boston Hockey Academy командасында капитандық таңғышқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Головой об лед» арнасына сілтеме жасап.

Осы маусымда ол 37 матч өткізіп, 58 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш оны лигадағы өз жас санаты бойынша рейтингте 8-орынға шығарды.

Инсаржан - «Барыс-2009» командасының түлегі әрі бұрынғы капитаны. Сондай-ақ ол 2022–2023 маусымында «Авангард» жасөспірімдер клубының сапында өнер көрсетті. Оның көшбасшылық қасиеттері мен нәтижелілігі америкалық мамандардың назарын аударып, оны команданың негізгі ойыншыларының біріне айналдырды.

Бірінші Кубок арнасы: Қазақстан құрамасы екінші орын алды

Жұлдызды қақпашы «Барыстан» кетуі мүмкін

Қазақстан құрамасының қақпашысы Америкада үздік атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или