Мбаппе ПСЖ-дан сұраған ақшасын өндіріп ала алмады

Мбаппе ПСЖ-дан сұраған ақшасын өндіріп ала алмады

Париждің апелляциялық соты мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппенің «Пари Сен-Жерменге» қарсы ісі бойынша берген шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француз футболшысы париждік клубтың есепшоттарындағы қаражатты бұғаттаудан бас тарту туралы шешімге қарсы шағым түсірген болатын. Бұған дейін Мбаппе 2024 жылдың сәуір–маусым айлары аралығындағы бонустар мен жалақы бойынша қарызды өтеуді талап етіп, жалпы сомасы 55 миллион еуро сұраған.

«ПСЖ» ойыншының «Реалға» еркін агент ретінде ауысар алдында аталған төлемдерден өз еркімен бас тартқанын алға тартты. Сот клубтың ұстанымымен келісіп, Мбаппенің талаптарын негізсіз деп таныды.

Сонымен қатар шабуылшы сот шығындарын өтеуге, сондай-ақ париждік клубтың шығындарын өтеу үшін үш мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Стивен Джеррард «Ливерпульге» бапкер болып келуі мүмкін

Криштиану Роналду «Форсаж» фильміне түседі

Қазақстандық маман Чемпиондар лигасында қызмет етті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или