Станимир Стоилов «Ақтөбе» тізгінін ұстамайтынын айтты

Станимир Стоилов «Ақтөбе» тізгінін ұстамайтынын айтты

Түркиялық «Гёзтепе» клубының бас бапкері Станимир Стоилов «Ақтөбе» футбол клубы қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KazFootball.kz сайтынасілтеме жасап.

Болгариялық маман қазіргі уақытта өзге клубтармен келіссөз жүргізу мүмкіндігін қарастырмайтынын атап өтті.

«Менің «Гёзтепемен» келісімшартымның аяқталуына әлі бір жарым жыл бар. Келісімшарт күшінде тұрған кезде басқа командалармен келіссөз жүргізе алмаймын», - деді Стоилов.

Еске сала кетейік, Станимир Стоилов қазақстандық жанкүйерлерге «Астанадағы» жұмысы арқылы жақсы таныс. Ол елордалық клубты 2014 жылдан 2018 жылға дейін басқарды. Сондай-ақ бапкер 2018/2019 маусымында Қазақстан ұлттық құрамасымен де жұмыс істеген.

Стоиловтың жетекшілігімен «Астана» тарихи жетістікке жетіп, алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Ал маманның өзі қазақстандық футбол тарихындағы ең табысты бапкерлердің бірі саналады.

«Қызылжар» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Қайсардың» бес ойыншысы командадан кетті

«Кайрат» қақпашысы Еуропа үшін Қазақстаннан кетуі мүмкін




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или