Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюри жекпе-жек өткізуге келісті
Ұлыбританиялық суперауыр салмақ өкілдері Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюри Riyadh Season бокс шоуы аясында жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
The Ring журналының мәліметінше, жекпе-жек 2026 жылға жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бір-бірімен кездескенге дейін екі боксшы да осы жоба аясында жекпе-жек өткізуі тиіс.
Тайсон Фьюри соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында жұдырықтасты. Ол кезде ол Александр Усиктен қарымта кездесуде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалған. Осыдан кейін британ боксшысы кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.
Энтони Джошуа алдыңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізіп, Даниэль Дюбуаға мерзімінен бұрын есе жіберген еді. Ал 19 желтоқсанда ол рингке оралып, блогер Джейк Полға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Фьюри мен Джошуа осы уақытқа дейін ресми жекпе-жекте жолыққан жоқ. Бұл көпжылдық келіссөзден кейін болып отыр.
Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Әлем чемпионаты: финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы
Астана Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңін қабылдайды