Макгрегор 17 жыл бойы бірге өмір сүріп келе жатқан сүйіктісімен некелесті
UFC-дің бұрынғы қос салмақ дәрежесіндегі чемпионы Конор Макгрегор 17 жыл бойы бірге өмір сүріп келе жатқан сүйіктісі Ди Девлинмен некелесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Неке қию рәсімі 12 желтоқсанда Ватикан аумағындағы Санто-Стефано-дельи-Абиссини шіркеуінде өтті. Ди Девлин - ирландиялық файтердің төрт баласының анасы.
37 жастағы Макгрегор UFC-де жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерді иеленген. Алайда ол 2021 жылдың шілдесінен бері аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен жоқ. Сол кезде UFC 264 турнирінде бірінші раундта аяқ жарақатына байланысты техникалық нокаутпен Дастин Порьеге есе жіберген болатын.
Ирландиялық спортшының кәсіби мансабында барлығы 22 жеңіс пен алты жеңіліс бар.
Ян Двалишвилимен үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін екенін айтты
Қазақстандықтың қатысуымен өткен жекпе-жек ауыр нокаутпен аяқталды