Стивен Джеррард «Ливерпульге» бапкер болып келуі мүмкін

Стивен Джеррард «Ливерпульге» бапкер болып келуі мүмкін

«Ливерпуль» аңызы Стивен Джеррард өзінің туған клубына, бұл жолы бапкер ретінде оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sport24.ru-ға сілтеме жасап.

Football Insider басылымының хабарлауынша, «Ливерпуль» басшылығы 45 жастағы маманды уақытша бас бапкер етіп тағайындау мүмкіндігін талқылап жатыр. Джеррардтың өзі «Энфилдке» оралуға қатты қызығушылық танытып отырғаны хабарланды.

Ағылшындық маманның кейінгі жұмыс орны қаңтар айында кеткен Сауд Арабиясының «Аль-Иттифак» командасы болды. Джеррард бұған дейін «Рейнджерс» пен «Астон Вилланы» басқарған.

Қазіргі уақытта «Ливерпульді» Арне Слот жаттықтырады. Премьер-лигадағы 15 ойыннан кейін команда турнир кестесінде 10-орында тұр.

Қазақстандық футболшы Ресей чемпионатына ауысуы мүмкін

Қазақстандық клубтың қарыздары толықтай жабылады

Қазақстандық маман Чемпиондар лигасында қызмет етті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или