Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригиннің (8-2, 6 нокаут) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының мәліметі бойынша, Ковригиннің жекпе-жегі 27 желтоқсанда Алматыда өтеді деп жоспарланған. Оның қарсыласы әлі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Александр Ковригин кейінгі екі жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Екі жекпе-жек те Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WBC жартылай жеңіл салмақтағы Гран-приі аясында өтті. 17 сәуірде Ковригин АҚШ боксшысы Трой Нэштен (5-0-1, 1 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды, содан кейін 21 маусымда нигериялық Юсуф Адениджиден де (17-1, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында финалға жолдама алды

Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионаты финалында бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или