Криштиану Роналду «Форсаж» фильміне түседі
«Аль-Наср» және Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду «Форсаж» франшизасындағы жаңа фильмде рөл сомдауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы актер Вин Дизель әлеуметтік желіде хабарлады.
«Барлығы оның «Форсаж» фильмінде түсетінін сұрап жатыр... Айта кету керек, бұл міндетті түрде болады. Біз оған рөл жаздық», - деп жазды Дизель әлеуметтік желіде өзінің Роналдумен бірге түскен суретін жариялап.
Бұған дейін «Форсаж» франшизасының 11-бөлімі 2026 жылы шығатыны туралы хабарланған болатын.
40 мың тұрғыны ғана бар ел еурокубота сенсация жасады
Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысына үміткерлер белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или