Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының тікелей трансляциясы
Сенбі, 13 желтоқсанда, Дубайда (БАӘ) 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Қазақстан намысын Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылкұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) қорғайды.
Финалдағы кесте:
18:30 54 кг. Сәкен Бибосынов — Вячеслав Рогозин (Ресей)
18:45 57 кг. Оразбек Асылкұлов — Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
19:45 71 кг. Абылайхан Жүсіпов — Сергей Колденков (Ресей)
20:00 75 кг. Сабыржан Аққалықов — Исмаил Муцольгов (Ресей).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында 2025 жылғы әлем чемпионатында он үш спортшы өнер көрсетті. Олардың жетеуі медальға жарыс жолынан шығып қалды: Даниял Сабит (51 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Ерасыл Жақпеков (81 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг), Нұрмағамед Юсупов (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг). Ал Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
Астана ҚБФ Кубогының финалдық кезеңін қабылдайды
Геннадий Головкин Алматы қаласының әкімімен кездесу өткізді
IBA әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды