Рыбакинаның негізгі азаматтығы белгілі болды
Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев ресейлік теннисшілердің спорттық азаматтығын ауыстыру жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның ішінде Елена Рыбакина туралы да айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, спортшылар мұндай шешімді ең алдымен Олимпия ойындарына қатысу мүмкіндігі үшін қабылдайды.
Тарпищев 2021 жылдан бері Ресейден бар болғаны үш-төрт теннисші кеткенін және олар жетекші ойыншылар болмағанын, Олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігі жоқ спортшылар екенін айтты. Елена Рыбакинаға қатысты ол былай деді: «Бізге Рыбакинаны да жиі еске салады. Бірақ оның жақсы ойнап кететінін байқамағанымыз үшін бізді сынауға болады. Ол кеткен кезде өз жасында жетінші орында тұрған. Бірақ өзі Мәскеуде тұрады, оның азаматтығы — Ресей. Спорттық азаматтығы — Қазақстан. Бұл оның спорттық карьерасы үшін жасалған».
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2018 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта ол WTA рейтингінде бесінші орында тұр.
Рыбакинаның 2026 жылғы алғашқы турнирі анықталды
Аустралия ашық чемпионатына қатысатын Қазақстан теннисшілері белгілі болд
Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде тағы бір үздік көрсеткішке қол жеткізді
Теннис ардагері Дубайдағы турнирде өнерімен таңғалдырып жатыр