UFC-дің бұрынғы чемпионы 17 жыл қарым-қатынастан кейін сүйіктісімен отау құрмақ

UFC-дің бұрынғы чемпионы 17 жыл қарым-қатынастан кейін сүйіктісімен отау құрмақ

Екі салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор өзінің көп жылдардан бергі сүйіктісі Ди Девлинмен отау құрмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үйлену рәсімі Ватиканда, Әулие Петр соборының жанында орналасқан Санто-Стефано-дельи-Абиссини шіркеуінде өтеді деп жоспарланған.

Макгрегор мен 38 жастағы Девлин 2008 жылдан бері кездесіп келеді және төрт баласы бар. Олар жеке католиктік неке қию рәсімін өткізуді қалайды. Ватикан дереккөздері шіркеудің бұл шараға брондалғанын растаған. Алайда Ватиканның ресми өкілі Маттео Бруни Макгрегор қатысатын қандай да бір үйлену рәсімдері туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеді.

1 желтоқсанда файтер төртінші баласының дүниеге келгенін хабарлады.

Жұп 2008 жылы түнгі клубта танысқан. Жауынгердің айтуынша, олар бірден әңгіме табысқан. Ал Девлинді алғаш әсерлендірген нәрсе — Макгрегордың кәсібі болғанын айтқан.

2020 жылы Макгрегор Девлинге үйлену туралы ұсыныс жасаған.

37 жастағы спортшының кейінгі жекпе-жегі UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеге қарсы өтті. Кездесу алғашқы раундта аяқталып, ирланиялық спортшы аяқ сүйегін сындырып алған.

Қазақстандықтың қатысуымен өткен жекпе-жек ауыр нокаутпен аяқталды

Арман Царукян мен Шара Буллет жекпе-жек өткізеді

Ислам Махачевті жеңе алатын жалғыз файтер белгілі болды

Мераб Двалишвили Янмен трилогияға шыққанын растады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или